Маған бәрінен де бұрын қандай дезодорант сәйкес келеді?


МІНСІЗ НҰСҚАСЫН ТАП

Зерттеу көрсеткендей, үш әйелдің екеуі дезодорантты тұрақты пайдаланады. Дезодоранттың қандайын дұрыс санайсың – спрей, стик немесе роликті үлгісін бе? Осы мақаланы оқы да, дезодоранттың қай түрі саған бәрінен де жақсы келетінін біліп ал.

Әр түрлі теріге қандай дезодорант дұрыс келеді

1965 жылдан бастап спрей үлгісіндегі дезодоранттар өте танымал бола бастады. Және қазір де олар тұтынушылардың көпшілігі үшін №1 таңдау. Оны қолдану ыңғайлы: басқан кезде белсенді және күтімдік құрауыштары теріге тегіс жағылып, қолтық ойығына түгелдей хош иіс бере отырып, керемет тазалық сезімін сыйлайды.

Танымалдығы жағынан екінші үлгі — роликті дезодорант нарықта 1950 жылдары пайда болды. Ыңғайлы аппликатор қолтық ойығына белсенді заттарды өте дәл және біртегіс етіп жағуға мүмкіндік береді.

NIVEA Sensitive - сезімтал терілерге арналған жұмсақ қорғаныш

Опа Әсері сериясының дезодоранттары жағымсыз иістен 48 сағатқа дейінгі қорғанышты қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, дезодоранттың күтімдік жұмсақ формуласы теріні нәзік әрі әдемі ете отырып, тітіркенуіне жол бермейді.
Дезодоранттардың түрлері

Дезодоранттардың түрлері: Классикалық, әйгілі, тиімді – дезодорант-спрей

Дезодорант-спрей бүріккішінің арқасында белсенді құрауыштарды теріге мінсіз себеді. Сондықтан күні бойы сенімді қорғанышты қамтамасыз ету үшін жай ғана бүріккіштің батырмасын баса салса болғаны.
Дезодоранттардың түрлері

Роликті дезодорант – ыңғайлы да ықшамды

Роликті дезодоранттар – бұл жағымсыз иістерден қорғайтын тиімді құрал ғана емес. Олардың көбінің құрамында зақымданған теріні ылғалдандыратын және тыныштандыратын қосымша майлар мен күтімдік құрауыштар бар.
Дезодоранттардың түрлері

Дезодорант-стик – әрқашан қол астында

Стик үлгісіндегі дезодорант ханымдар сөмкесіне тамаша сыйып кетеді. Ол жағымды текстурадан тұрады және күтім жасайтын ингредиенттермен байытылған.
product-stage-bg

Дезодоранттар туралы дақпырттар

Дезодоранттар туралы айтылмайтын нәрсе жоқ! Бірақ бұл бос сөздердің шындыққа қандай қатысы бар? Соны анықтап көрелік.
Антиперспиранттар киімде, әсіресе, қолтық маңында дақ қалдыруы мүмкін. Қара және аққа арналған көрінбейтін қорғаныш сериясының дезодоранттары қара және ақ түсті киімдерде ақ іздер мен сары дақтар қалдырмайды.

NIVEA дезодоранттар туралы дақпырттарды жояды. Оның қайсысы рас, ал қайсысы – бос сөз?

  • Суық душ терден құтылуға көмектеседі. Бұл шынында солай, бірақ тек қысқа уақытқа ғана. Суық душ расында салқындатады, бірақ біраз уақыт өткен соң дене температурасы қалпына келеді.
  • Егер дезодорантты қырынудан соң бірден жағатын болса, ол теріні тітіркендіреді. Жалған: қырынудан соң тітіркенуді дезодорант емес, қырынудың өзі сезімтал теріні тітіркендіреді. Өз теріңді қорғау үшін қырынуға арналған көпіршікті немесе қырынуға арналған гельді қолдан. Егер терің сезімтал болса, ылғалдандырғыш құрауыштары бар дезодоранттарды таңда, мысалы, Қорғаныш пен Қамқорлық.
  • Дезодоранттар мен антиперспиранттар терідегі саңылауларды бітейді деген басқа пікір бар. Шындығында құрамында алюминий жоқ дезодоранттар жағымсыз иістерді тудыратын бактерияларды бейтараптандыра отырып, тек терінің бетіне әсер етеді. Антиперспиранттың құрамына кіретін құрауыштар, керісінше, біраз уақытқа терінің саңылауларын тарылтып, тердің бөлінуін төмендете отырып, сергектікпен ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді. Бұл тері үшін мүлдем қауіпсіз. Тері еркін тыныс алуын жалғастырады.

Терлеу арықтауға мүмкіндік береді, ал тердің иісі бар... Расында да солай ма?

Сен шынымен де терде жағымсыз иіс бар деп ойлайсың ба? Бұл мүлде олай емес. Расында жаңадан шыққан тердің ешқандай иісі жоқ. Тек бірнеше уақыт өткен соң ғана, бактериялардың көбеюіне мүмкіндік бере отырып, терімен жанасқанда барып, жағымсыз иіс таралады. Солай болғандықтан, қолтық ойығындағы терінің ылғалды жерлері бактериялардың өсуі үшін қолайлы орта болып табылады, бұл жерлер ерекше қорғауды қажет етеді.

Терлей отырып, біз арықтаймыз деген де кең таралған пікір бар. Егер бұл рас болса ғой! Өкінішке орай, бұл да жаңылысу. Терлеген кезде біз майдан емес, судан арыламыз. Жоғалған салмақ суды ішкен кезде қайтадан оралады.

Үшінші дақпырт: бізді терлететін тек денеге түскен күш қана емес, сондай-ақ ащы тамақ та бар. Мұнда шындықтың үлесі бар. Ащы дәмдеуіштер зат алмасуды тездетіп, қан айналымын жақсартады, соның нәтижесінде тер көп бөлінеді.