Экологиялық материалдар:
NIVEA планетаның қамын қалай ойлайды

NIVEA қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мен көміртегі ізін азайту үшін қаптама материалын қалдықсыз өндіруге және жауапты пайдалануға қол жеткізуге ұмтылады. Біздің мақсаттарымыз:

  • пластикті қолдануды азайту,
  • ол үшін жарамды бұйымның бәрін қайта өңдеу,
  • пластикті экологиялық материалдарға алмастыру,
  • қаптаманың қайта қолданылуына жағдай жасау.

Бұл мақалада экологиялық қаптаманы не үшін жасайтынымызды және осы бағыттағы жетістіктеріміз туралы біле аласыз.


ҚАЙТАЛАМА ПЛАСТИКТІ ҚОЛДАНУ

Пластикпен ластану ғаламдық проблемаға айналды. Сондықтан NIVEA қазбалы шикізаттан алынатын пластмассаны қолдануды қысқарту бойынша ауқымды мақсаттар қойды. Біз қаптамамыздағы қайта өңделген материалдардың үлесін біртіндеп ұлғайтамыз, сондай-ақ оны қайта өңдеп, қайтадан қолдану үшін оның жарамдылығын арттырамыз.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАҒАЗ ҚАПТАМА

Қаптама құрамындағы пластик мөлшерін азайтудың бір әдісі — оның орнына ағаш материалдарын, мысалы, қағаз бен картонды қолдану. Бұл ретте осы материалдардың ормандарға көп зиянын тигізбейтін орманды дұрыс пайдалану нәтижесінде алынғаны біз үшін маңызды. Біз табиғатқа ұқыпты қараудың қамын ойлаймыз.

ТЕРІ КҮТІМІ. ПЛАНЕТАНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАУ

Біз NIVEA-ның әлеуметтік-экологиялық саясаты туралы кез келген сұраққа адал жауап беруге ашықпыз және дайынбыз. Сізге толық ақпарат қажет болса, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке арналған Beiersdorf компаниясының сайтына кіріңіз.