• Барлығы
  • Спрейлер / Аэрозольдар
  • Стиктер / Қарындаштар
  • Шарикті
Сүзгі
Сұрыптау

Өмірлік маңызды тазалық пен дезодоранттың ұзақ уақыт қорғауы

NIVEA ұсынған ерлер дезодоранттарымен әр таңыңызды тазалық сезімімен бастайсыз, ал сосын ол қолтықты ылғалданудан және ұзақ уақыт денені жағымсыз иістен сенімді қорғау арқылы қуантады. Бұған қоса, NIVEA ерлерге арналған дезодоранттары теріні тітіркендірмейді және сізге ерлер хош иістерінің кең таңдауын ашады.

Ерлерге арналған антиперспирант-спрейі: күнделікті пайдалануға арналған классика


Антиперспирант-спрейлер ерекше тазалық сезімін береді, сондықтан сөзсіз ең әйгілі әрі үздік ерлер антиперспиранты болып табылады. Олардың белсенді компонеттері бір ғана батырманы басу арқылы тез, оңай әрі біркелкі таратылады, оған қоса жағымды хош иіс қалдырады. Нәтижесі — қолтық тұсының тазалық сезімі, жағымды иіс және терден ұзақ уақыт қорғау. Мұндай дезодоранттар таңертең асығып, барынша тез киінгісі келетін ерлер үшін мінсіз құрал! Сондай-ақ бұл тершең ерлер үшін де ең жақсы нұсқа. Біздің кеңес: антиперспирант-спрейден барынша пайда алу үшін оны қолдану алдында жақсылап сілку қажет.

Қолайлы әрі шағын: антиперспирант-стиктер


Сізге жаттығудан кейін немесе таңертең тез жағуға арналған антиперспирант қажет пе? Қолайлы стик осы міндетті жеңілдетеді. Егер сізге ыңғайлы өлшемдегі және болмашы ғана иісі бар антиперспирант қажет болса, сіздің таңдауыңыз — стик. Қолайлы ерлер антиперспирант-стиктері дәл жағылады, ал олардың крем тәрізді құрамы теріде қорғаныш қабатын түзеді. Басқа артықшылықтары бар ма? Әрине! Ерлер стиктері спорт сөмкелері мен портфельдерде өте аз орын алады.

Дезодорант пен антиперспирант — бір зат емес


Дезодорант дене иісінен сенімді қорғайды, бірақ тердің бөлінуін азайтпайды. Дезодоранттар иіс тудыратын бактериялардың өсуін тиімді басады. Антиперспирант әсері бар ерлер дезодоранттары да тердің бөлінуінен қорғайды. Табиғатынан аз терлейтін немесе тердің бөлінуіне әсер еткісі келмейтін ерлерге кәдімгі дезодорантты қолданған жақсы. Тіпті алюминий тұздарын пайдаланудан аулақ болатындар да соларды пайдалануы керек. Алайда, көп терлейтіндер немесе тердің бөлінуін азайтқысы келетіндер үшін антиперспирант мінсіз таңдау болып табылады.

Ерекше қажеттіліктерге арналған ерлер дезодоранттары

Ерлер дезодоранттарының кейбір түрлері қаншалықты жақсы қорғаса да, киімде жағымсыз дақтар қалдырады. NIVEA қара киімдерде ақ іздердің пайда болуынан қорғайтын және ашық түсті киімде сарғыш дақтардың пайда болуын азайтатын арнайы құрамды әзірледі. Ал егер сіз бактерияға қарсы қорғанышқа ерекше көңіл бөлетіндер қатарынан болсаңыз, NIVEA зерттеу бөлімшесі арнайы сіз үшін суда ерігіш күміс цитраты бар құралды әзірледі. Бұл құрам тер дақтары мен ылғалды қолтыққа қарсы аса тиімді, сондай-ақ теріге жұмсақ әсер етеді.