Дезодорант: сенімді қорғаныш
Тердің бөлінуі, ол неден туындаса да — жүктеме, күйзеліс немесе ыстық — қалыпты реакция, соның көмегімен дене өз температурасын реттейді. Алайда, тер жағымсыз иістің тез пайда болуына және артық ылғалдың, әсіресе қолтықта, пайда болуына алып келуі мүмкін. Заманауи дезодоранттар мен антиперспиранттар жағымсыз иістермен күресіп, күні бойы тазалық сезімін береді. Антиперспиранттар да тікелей термен күреседі.
Дезодорант па, антиперспирант па?
Дезодорант пен антиперспиранттың айырмашылығы неде? Денеде иістің пайда болуына жол бермейтін құрал дезодорант деп аталады. Дезодоранттар бактерияларды жояды немесе олардың көбеюінің алдын алады. Одан бөлек, олар денедегі иісті жағымды хош иіспен жасырады. Табиғаты бойынша аз терлейтін немесе тердің табиғи бөліну процесіне араласқысы келмейтін адамдарға дезодорантты пайдалануға кеңес беріледі. Тіпті әдейі құрамында алюминий тұздары жоқ құралдарды таңдайтындар да дезодорантты алғандары дұрыс, себебі NIVEA ассортиментіндегі «дезодорант» деп аталатын құралдардың бәрінің құрамында кепілді түрде алюминий тұздары жоқ. Қарқынды терлейтін және тердің табиғи бөлінуін азайтқысы келетін адамдар антиперспиранттарды қолданғаны жөн. Антиперспиранттар қолтықта тердің пайда болуын тиімді азайтады және сол арқылы денеде жағымсыз иіс пен киімде ылғалды дақтардың пайда болуына жол бермейді. Мына құралдардың құрамында алюминий тұздары бар, атақты мамандар өткізген зерттеулердің деректері бойынша олар денсаулық үшін зиянсыз. Дезодоранттар мен антиперспиранттарды таза теріге жаққан анағұрлым тиімді. Күні бойы тазалықты сезіп жүру үшін оларды таңертең душтан кейін жаққан дұрыс.
Кез келген жағдайда қолдануға болатын дезодоранттар
Сізге қандай дезодорант ұнайды? Көптеген ер адамдар дезодорант ретінде классикалық спрейді таңдайды, ал әйелдер арасында шарикті дезодоранттар көп қолданылады. Дезодорант-спрейлер керемет тазалық сезімін сыйлайды. Ол теріге жұмсақ жағылады, қолтық құрғақ болып қалады, сондықтан бірден киіне берсеңіз болады. Сондай-ақ дезодорант-спрейлердің пайдасына гигиеналық жағылуы мен керемет сергіткіш иісі жатады. Оңтайлы қорғайтын болу үшін дезодорантты қолдану алдында жақсылап сілкіп алу қажет. Шарикті дезодоранттың жылжымалы шаригі оңай жағуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұндай дезодоранттардың аялауыш әсері бар, сондықтан олар да нәзік әрі сезімтал қолтық терісіне қолдануға жарамды. Аэрозольді дезодоранттардың гигиеналық жағылуы және жаққаннан кейінгі тазалық сезімі оларды танымал етеді; қатты дезодоранттар экологиялық қауіпсіз болып саналады; крем түріндегі дезодоранттардың ерекше қорғағыш әсері бар. Егер дезодоранттың киімде дақ қалдырмайтынына сенімді болғыңыз келсе, қара киімде ақ іздердің немесе ақ матада сарғыш дақтарды қалдырмайтын арнайы ингредиенттері бар дезодоранттарды таңдаған дұрыс.