• Барлығы
  • Кленсинг гель
  • Кленсинг скраб
  • Макияжды кетіруге арналған құралдар
  • Маскалар мен скрабтар
  • Тониктер
Сүзгі
Сұрыптау

Маскалар мен скрабтар

Қалыпты және аралас теріге арналған тазартқыш өнімдер 

Негізінде күніне екі рет NIVEA ұсынған жуынуға арналған гелімен жуыну қажет. Гель сенімді тазартып, терідегі табиғи ылғал теңгерімін сақтауға көмектеседі. Макияжды кетіру және қалыпты және аралас теріні тазарту үшін сергіткіш мусты қолданып көруге болады. Ол мұқият тазартып қана қоймай, теріге ұқыпты әсер етеді. Жеңіл көбік керемет сергіткіш хош иіске ие, оңай жағылады және жуғаннан кейін теріні нәрлендіргендей сезім қалдырады. Егер теріңіз аралас болса, бетіңізді күнделікті тазарту үшін оны жуып, скраб жағуды таңдаған дұрыс. Бетке арналған скрабтар артық себумды кетіреді, бұндайда терінің теңгерімі бұзылмайды. Қабыршақтандырғыш бөлшектер саңылауларды тазартып, қабынуды ұзақ уақытқа азайтуға көмектеседі — бұл жаңа қабынулардың пайда болуының тиімді түрде алдын алады.

Құрғақ және сезімтал бет терісіне арналған тазарту


Құрғақ және сезімтал тері үшін ұқыпты тазарту өте маңызды болып табылады. Тазартқыш құралдар теріге жұмсақ әсер етіп, жеткілікті ылғалдандырып, оны тітіркендірмеуі керек. NIVEA ұсынған сезімтал теріге арналған тазартқыш өнімдер туралы көбірек біліңіз: тазартқыш лосьон макияж бен тушьті кетіріп, теріні ылғалдандырады. Осы типтегі ең соңғы лосьондар мицеллярмен тазартудың инновациялық технологиясына негізделген. Оны пайдаланғанда макияж бен кір бөлшектері ешбір ысусыз-ақ кетеді. Бет терісін тазартудың осы ұқыпты әдісін пайдалану қызаруды басады, терінің тартылу сезімін болдырмайды, құрғақ жерлермен күреседі. Сондай-ақ құрғақ және сезімтал теріге тазартқыш сүтшені пайдалануға кеңес беріледі. Әдетте ол өте нәзік формулаға ие, сондықтан табиғи тері теңгерімі сақталады, ал кірлер тиімді кетеді.

Проблемалы тері: бет терісіне қажетті өнімдермен қолдау көрсетіп, тазарту

Проблемалы теріні тазарту үшін ұсақ қабыршақтандырғыш түйірлері бар скрабты қолдануға кеңес беріледі. Қабыршақтану өлі тері жасушаларын жойып, жасушалардың жаңаруы мен қанайналымын ынталандырады. Тазарту кезеңінен кейін теріңіз жарқырап, реңкі біркелкі болады. Егер сіз мінсіз емес жерлерді жасыруға арналған макияжды пайдалансаңыз, тазарту одан бетер маңызды. Тазартқаннан кейін теріні сергіткен маңызды — мұнда ең жақсы нұсқа бетке арналған тоник. Ол теңгерімді қалпына келтіруге көмектеседі, кір мен макияж қалдықтарын кетіреді, теріні басқа күтімдік өнімдерді жағуға оңтайлы дайындайды. Ол үшін мақта дискісіне тониктің бірнеше тамшысын жағып, онымен жұмсақ уқалай отырып теріні сүртсе болды.