Goodbye dark spots. Hello luminous skin.

NIVEA ұсынған LUMINOUS6301 — 4 апта қолданғаннан кейін-ақ көрінетін әсер беретін пигменттенуге қарсы революциялық сарысу2. Реңкі біркелкі жарқыраған шымыр тері және айтарлықтай азайған пигменттік дақтар!

LUMINOUS630 ИНГРЕДИЕНТІ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

ПИГМЕНТТЕНУМЕН КҮРЕСЕДІ ЖӘНЕ ЖАҢА ПИГМЕНТТІК ДАҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Пигменттік дақтар күннің әсерінен, қабыну процестерінен, ерте қартаюдан немесе ағзадағы гормондық өзгерістерден пайда болады. Меланиннің шығарылуы бұзылғандықтан пигменттену пайда болады. LUMINOUS630 ингредиенті жасуша деңгейінде әсер етіп, пигменттік дақтардың бастапқы пайда болу себептерімен күреседі.
LUMINOUS630 САРЫСУЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ТИІМДІЛІГІ

4 АПТА ҚОЛДАНҒАННАН КЕЙІНГІ КӨРІНЕТІН НӘТИЖЕЛЕР2

*34 әйелдің өзін-өзі бағалауына негізделген, Spincontrol Asia Co., Ltd., Тайланд, 15.09.2018 және 12.10.2018 аралығындағы сауалнама

ҒЫЛЫМИ СЕРПІН

БЕЛСЕНДІ ИНГРЕДИЕНТ

LUMINOUS630 — 10 жылдық зерттеу нәтижесі. NIVEA ғалымдарының алдында меланинді өндіретін ферментті қайта жасап шығару міндеті тұрды. Олар 50 000 белсенді молекуланы сынап көрді және олардың тек біреуі — нөмірі 630-шысы ғана тиімді болды. Біздің өніміміз соның негізінде әзірленіп шығарылды.

 

LUMINOUS630 ЕКІ БАҒЫТТА ӘСЕР ЕТЕДІ

LUMINOUS630 пигменттенуге қарсы сарысуы

Құрамында LUMINOUS630 белсенді ингредиенті және гиалурон қышқылы бар4. Пигменттенумен тиімді күреседі, бет терісін жазып, өңін ашуға септігін тигізеді, реңеін біркелкі етіп, меланиннің өндірілуін азайтады. 12 аптадан кейін-ақ пигменттену қарқындылығы −71% дейін азаяды2*.

*34 әйелдің өзін-өзі бағалауына негізделген, Spincontrol Asia Co., Ltd., Тайланд, 15.09.2018 және 12.10.2018 аралығындағы сауалнама

LUMINOUS630 реңк тегістегіш крем-флюиді

Оның дерматологиялық сынақтан өткізілген формуласының құрамында белсенді ингредиент — LUMINOUS630, сондай-ақ Е дәрумені, гиалурон қышқылы4 және күн сәулелерінің кері әсерінен қорғайтын УК-сүзгілері бар. Ол тері өңін тиімді түрде тегістейді — 4 апта ішінде пигментацияның айтарлықтай төмендеуі*. Далаға шығар алдында күнделікті қолданғанда күн сәулесінің әсерінен болатын жаңа пигменттік дақтардың пайда болуына жол бермейді. Теріні күңгірттеп, оны тегістейді.

*Күнделікті қолданғанда, 32 әйел қатысқан SPINCONTROL ASIA Co., Ltd компаниясының зерттеуіне сәйкес, Таиланд.

LUMINOUS630 көз айналасына арналған кремі

Көз айналасындағы теріні жарқыратып, жазатын үш есе тиімді мінсіз формула. LUMINOUS630 бірегей ингредиенті көз астындағы қара дақтарды бар болғаны 8 аптада 50%-ке ағартады*. Ылғалдандырады және терінің өңсізденуімен күреседі.

*Күніне 2 рет тұрақты қолданғанда, 41 әйел қатысқан Eurofins Dermscan Aix-En-Provence Институтының зерттеуіне сәйкес.

LUMINOUS630-БЕН ТЕРІНІҢ РЕҢКІ БІРКЕЛКІ

КҮНДЕЛІКТІ РӘСІМ

Теріні тазартып, LUMINOUS630 пигменттенуге қарсы сарысуын, содан кейін LUMINOUS630 реңк тегістегіш крем-флюидін жағыңыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өнімдерді күніне 2 рет таңертең және кешке қолданыңыз.

ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Теріні тазартып, LUMINOUS630 көз айналасына арналған кремін шамалы қаққылап отырып жағыңыз. Көз астындағы қара дақтар мен ісіну онша байқалмас үшін құралды күнделікті таңертең және кешке қолданыңыз.
FAQS

МАМАНДАРЫМЫЗДЫҢ ЖАУАПТАРЫ

 

ПИГМЕНТТІК ДАҚТАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Пигменттену — меланиннің әркелкі шығарылуының нәтижесі.

Меланин — адам терісінің түсіне жауапты пигмент.

Түрлі факторлардың әсерінен ол теріде жиналады, бұл пигменттік дақтардың пайда болуына әкеледі.

LUMINOUS630 ИНГРЕДИЕНТІ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

LUMINOUS630 белсенді ингредиенті жасуша деңгейінде әсер етеді де, бірден екі әрекетті орындайды:

  1. Пигменттік дақтарды ағартып, көлемін азайта отырып, бұрыннан бар пигменттенуге әсер етеді.
  2. Жаңа пигменттік дақтардың пайда болуына жол бермейді.

Біз 4, 8 және 12 апта өткен соң LUMINOUS630 пигменттенуге қарсы сарысуының тиімділігін дәлелдеген клиникалық зерттеулер жасадық2; Тұрақты қолданғанда уақыт өте келе терінің сапасы тұрақты түрде жақсарып, пигменттенудің ағаратыны байқалады.

ПИГМЕНТТЕНУДЕН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ЕРЕКШЕ КҮТІМ ҚАЖЕТ ПЕ?

Иә. Пигменттену проблемалары пигменттік дақтар, тері реңкінің біркелкі болмауы немесе көз астының қараюы түрінде әр түрлі көрініс табуы мүмкін.

Пигменттенудің пайда болу себептерінің бірі — УК-сәуле. Пигменттік дақтар дененің күн сәулесіне көп ұшырайтын бөліктерінде пайда болады.

Пигменттенуді реттейтін революциялық ингредиентті ашқаннан кейін пигменттенудің кез келген түрімен күресуге көмектесетін толыққанды күтім жасау мүмкіндігін алдық.

ЖАҢА ПИГМЕНТТІК ДАҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Ағзадағы меланиннің шамадан тыс болуы, дұрыс күтім жасамау — пигменттік дақтардың пайда болу себептерінің кейбірі ғана. Біздің инновациялық құралымыз солардың бәріне әсер етеді. Пигменттік дақтарды ағартады және олардың қайта пайда болуының барлық салдарымен күреседі.

 

  1. Люминос630
  2. Сарысуды күніне 2 рет қолданғанда, SPINCONTROL ASIA Co., Ltd. компаниясының зерттеуі, Таиланд, 32 әйел, 2018-2019
  3. Күніне кемінде 2 рет тұрақты қолданғанда. SPINCONTROL ASIA Co., Ltd. компаниясының зерттеуі, Таиланд, 35 әйел, 2018–2019
  4. Натрий гиалуронаты түрінде