Мінсіз тегіс тері: оңай түксіздендіру бойынша пайдалы кеңестер


ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР МЕН ЕҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР

Түксіздендірудің қандай түрі өзіңе ыңғайлы? Жағымсыз түктерден құтылудың көптеген тәсілдері бар. Олардың біреулері өте жұмсақ, басқалары өте жылдам, үшіншілері өте мұқият, төртіншілері өте ұзақ уақытқа әсер береді. Біз сенің қажеттілігіңді есепке ала отырып, түксіздендірудің мейлінше сай келетін тәсілін таңдауға көмектесеміз.

Жағымсыз түктер мен қылтандармен қоштас

Тез және жайлы: түксіздендірудің одан да көп әдістері

  • Түктерді жоюға арналған кремдер мен гельдердің құрамында жағымсыз түктерді мүлдем ауыртпай және тез алуға мүмкіндік беретін кератинді ерітетін ингредиенттер бар.
  • Өңдегің келген дене бөлігіне кремді жақ және шамамен 10 минутқа қалдыр. Осыдан соң күрекшенің көмегімен крем түктермен бірге оңай тазартылады. Түктер 5-7 күннен кейін қайтадан өсе бастайды, бірақ енді олар жұмсақтау болады.
  • Алайда бұл әдіс сезімтал теріге жарамсыз болуы мүмкін. Сондай-ақ, егер тері зақымданған немесе күнге күйген болса, онда абайлаған жөн. Кеңес: қолданар алдында кремді дененің байқалмайтын бөлігіне жағып көріңіз, мысалы, шынтақтың ішкі жағына.
  • Әйелдердің шамамен 7% жағымсыз түктерден құтылуда электр ұстарасын қолдануды артық санайды. Ұстараның бастары терінің бетіндегі түктерді жоя отырып, жеңіл сырғуды қамтамасыз етеді. Бұл қарапайым және лездік шара, бірақ ол 2-3 күннен кейін қайталауды қажет етеді.
  • Егер сенің жағымсыз түктерден біржола құтылғың келсе, лазерлік түксіздендіру туралы ойлану артық болмас. Жарық импульстары түктің түбін бұзып және қыздыра отырып, терінің астына енеді. Тері мен тін бұл жағдайда еш зақымданбайды. Алайда бұл шараны тек тәжірибелі маман немесе дерматолог қана жасауы керек.

Әрқашан көбікті немесе гельді пайдалан

Қайлай асықсаң да, әрқашан ылғалды қырынуға арналған көбікті немесе гельді пайдалан. Олар теріде жүздердің анағұрлым тегіс сырғуын қамтамасын ететін қабық түзеді. Көбіктер мен гельдердің құрамына түктерді жоюдың алдында теріні жайландыратын ингредиенттер де кіреді. Бұл құралдарды қолдану теріні тіліп алмауға, сондай-ақ қызару мен тітіркенуден құтылуға көмектеседі, ал сен таңғажайып тегіс және жібектей жұмсақ теріңе қарап рахаттанасың.

Біздің кеңес: егер теріңнің беті құрғақ және майсыз болса, электрлік түксіздендіргіш көмегімен немесе балауызбен түктерді жою шарасы тиімдірек болады. Сондықтан шараға дейін 24 сағат бұрын ол жерлерге крем жақпа.

Жағымсыз түктерді жоюдың әдістері: олардың қайсысы жақсы?

Қырынуға арналған ұстара – тез және оңай

Қырыну – жағымсыз түктерді жоюдағы ең белгілі тәсілдердің бірі. Біздің кеңес: осындай әдіспен түктерді душта, олар су және жұмсақ болғанда, алған жақсы. Тітіркену мен тілінуді болдырмау үшін жүздерді тұрақты түрде ауыстырып отырудың маңызы кем.
Жағымсыз түктерді жоюдың әдістері: олардың қайсысы жақсы?

Балауызбен түксіздендіру

Балауызбен түксіздендіру кезінде түктер түбімен жойылады. Мұндай тәсіл дененің кез келген жеріне ыңғайлы келеді. Шараны үйде балауыз жолақтарын немесе ыстық балауызды пайдалана отырып, жасауға болады. Әйелдердің 4%-ға жуығы түксіздендірудің осы түрін бәрінен артық көреді.
Leg care
Жағымсыз түктерді жоюдың әдістері: олардың қайсысы жақсы?

Түксіздендіргіш – айналмалы тетіктің көмегімен түктерді жою

Электр түксіздендіргішінің әрекет ету негізі түктерді айналмалы қысқыш немесе дискінің көмегімен жоюдан тұрады. Бұл аздап ауыртады, бірақ түктер түбімен жойылады және қайтадан 2-4 аптадан кейін ғана пайда болады.

Түксіздендірудің қандай түрі өзіңе ыңғайлы?

  • Түктерді тез және ауыртпай мұқият жоюды қалайсың ба? Онда сенің таңдауың – қырынуға арналған классикалық ұстара. Алайда, тікелей терінің бетінен ұстарамен қырылған түктер 1-3 күннен кейін қайтадан өсіп шығады.
  • Бірнеше апта бойы аяқ терісінің тегіс болғанын армандайсың ба, аздаған ауыруға шыдауға дайынсың ба, және де терің онша сезімтал емес пе? Электр түксіздендіргіш дұрыс шешім болмақ.
  • Түктерді 1-2 айға жоюдың арзан тәсілі ретінде біз балауыз түксіздендіргішін ұсынамыз. Ыстық немесе суық балауызбен түксіздендіруге арналған жинақтар үй жағдайында қолдану үшін өте ыңғайлы.
  • Аяқтың және қолтықтың мінсіз тегіс болғанын тез жасауды қалайсың, бірақ ұстара жүзінен жарақаттанудан қорқасың ба? Түксіздендіруге арналған кремді қолдан.
  • Жағымсыз түктерден біржола құтылуды армандайтындарғаең жақсысы – лазерлік түксіздендіру.

Назар салыңыз: еске болатын нәрселер

Түксіздендірудің таңдалған әдістеріне қатыссыз түктерді жою – бұл әрқашан да тері үшін стресс. Сондықтан, түкті жою үшін теріні мұқият дайындау қажет және оған кейіннен ерекше нәзік күтімді қамтамасыз ету өте маңызды.
Armpit Razor

Шараның алдында терің құрғақ және майсыз болуы тиіс

Егер сен балауызды пайдалансаң, шаруа жасайтын күні түксіздендіру маңына кремді жақпаған жөн. Балауыз құрғақ, майсыз теріге тиімді әсер етеді. Түктерді жою үшін кремдер мен гельдерді қолданған кезде де ингредиенттердің өзара әрекеттесіп, кері әсер беруіне жол бермеу үшін крем жақпаған жақсы.

Шарадан соң тері мұқият күтімді қажет етеді

Түксіздендіруден кейін теріге тікелей күн сәулелерінің түсуінен қорғанған жөн. Осылайша сен тердің қатты бөлінуінен туындайтын тітіркенудің алдын аласың.

Түксіздендіруді қалай дұрыс жасау керектігі жайлы кеңестер

  • Түктерді жиі қыру кезінде тері күйзеліске ұшырайды, құрғап, ылғалсызданып қалады.
  • Антисептик құралдарды қолданғаннан кейін теріге кремнің қалың қабатын жаққан маңызды. Біздің кеңес: құрамына түймедақ немесе пантенол кіретін, мысалы, NIVEA Sensitive Body Lotion немесе NIVEA Repair & Care Body Lotion тәнге арналған лосьонын таңда.
  • Қолтық маңындағы тері айрықша сезімтал және тез құрғап, қышу тудырады. Бұл жағымсыз сезімдердің шешімін табуға және теріні тітіркенуден қорғауға көмектесетен – түксіздендіруден кейінгі авокадо сығындысы бар NIVEA Double Effect Voilet Senses Spray дезодоранты.
  • Тері астына өскен түктер жағымсыз болып табылады, бірақ, өкінішке орай, түксіздендіруден кейін жиі болатын нәрсе. Түлеткіш құралдарды тұрақты пайдалану жаңа түктердің өсуіне кедергі келтіретін терінің жансыз жасушаларын жояды. Біздің кеңес: NIVEA Creme Peeling Shower & Scrub терінің мінсіз тегістігіне қол жеткізуге көмектеседі және душқа түсіп жатқанда-ақ әрекет ете бастайды.
product-stage-bg

СІЗГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫ КЕҢЕСТЕР