NIVEA ғаламшарымызға және ондағы әр тіршілік иесіне құрметпен қарайды. Көптеген жылдар бойы біз жануарларға сынақ жүргізуді алмастыратын және NIVEA өнімдерін ағзаның көтере алуын және олардың тиімділігін тестілеуге мүмкіндік беретін балама сынау жолдарын іздеумен және әзірлеумен айналысып келеміз.
Косметикалық зерттеулер саласындағы көшбасшылардың бірі NIVEA брендінің бүкіл әлем бойынша 50-ден астам серіктеспен бірге жұмыс істеу бойынша бай тарихы бар. Ынтымақтастықтың басты мақсаты — косметиканы тестілеудің балама жолдарын табу. Бірқатар жаңа сынақ әдісі тіпті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) мақұлдауын алды.
Дегенмен зерттеулер әлі де жалғасуда. Осылайша Beiersdorf компаниясы «чиптеу» технологиясының дамуын қолдайды: жүйе адам жасушалары мен тіндерінің бірнеше түрін біріктіреді және шағын масштабта адам биологиясын имитациялайды, бұл косметикалық құралдардың ағзаға in vitro («тірі ағзадан тыс») әсерін тексеруге мүмкіндік береді.
Біз косметиканы тестілеудің балама жолдарын табу қажеттілігі бүкіл әлемде мойындалуы үшін жұмыс жасаймыз. Қазір бірқатар елде, мысалы, Қытайда күтім құралдарының жануарларға әсерін сынау жергілікті заңнамаға сәйкес қажетті болып саналады. Біздің мақсаттарымыздың бірі — мұндай сынақтың қажет емес екеніне осы елдер өкілдерінің көзін жеткізу.