БІР ТЕРІ. БІР ПЛАНЕТА. БІР ҚАМҚОРЛЫҚ.

БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ: КЛИМАТТЫҚ БЕЙТАРАПТЫЛЫҚ

Климаттың өзгеруімен күресу — адамзаттың алдында тұрған ең маңызды міндет. Міне, сол үшін де NIVEA компаниясы компания деңгейінде климатты қорғауға жүйелі үлес қосуға мүмкіндік беретін өршіл мақсаттар қойды. Компания мақсаттары ғылымның климат жайындағы соңғы деректеріне толық сәйкес келеді және өндіріс орындарындағы CO2 шығарындыларын айтарлықтай азайтуды ғана емес, сонымен қатар құн жасау тізбегімізге байланысты жанама шығарындыларды да қамтиды. Жанама шығарындылар жайында сөз қозғағанда, біз, алдымен, NIVEA сауда маркасымен өнім өндіру үшін пайдаланатын ингредиенттермен және қаптама материалдармен байланысты шығарындыларды айтамыз.

NIVEA-ның жаһандық жылыну процесін баяулатуға қосқан үлесі — 2018 жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай құн жасау тізбегінің барлық кезеңдеріндегі шығарындылардың жиынтық көлемінің 30 процентке азаюы. Бұл мақсат жаһандық жылынуды 1,5 °C-қа дейін шектеу қажеттілігі туралы айтатын тәуелсіз ғалымдардың ұсыныстарына сәйкес келеді.

NIVEA ТЕРІ КҮТІМІНЕ ҚАЖЕТТІ АНАҒҰРЛЫМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЛАЙ ӘЗІРЛЕЙДІ?

Климатқа әсері тұрғысынан теріге күтім жасайтын қауіпсіз өнімдерді жасаудың алғашқы қадамы — CO2 шығарындыларының көбеюіне ықпал ететін факторларды нақты анықтау. Біз шақырылған сарапшылармен тығыз бірлесе отырып, жалпы қабылданған ғылыми стандарттарға сүйене отырып, NIVEA өнімдерінің көміртек іздерін өлшейміз. Зерттеулеріміз өнімнің өмірлік циклінің әр кезеңіндегі барлық жылыжайлық газдардың шығарындыларының бірін қалдырмай қамтиды.

Өмірлік циклді талдау нәтижелері бізге өнімдеріміздің көміртек ізін азайту үшін қабылданатын шараларды анықтауға мүмкіндік береді. Осындай шараларға мысал ретінде экологиялық қауіпсіздік сертификаттары бар ингредиенттерді пайдалануды немесе қайталама шикізатты пайдалана отырып жасалатын қаптама өндірісін атауға болады.

ӨНІМНІҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

ШИКІЗАТ ӨНДІРІСІ

Өмірлік цикл ресурстар қоршаған ортадан алынып, одан әрі өңдеу үшін берілетін сәттен басталады. Бұл кезең өнімді өндіруге арналған ингредиенттер NIVEA өндіріс орындарына түскен кезде аяқталады.

ӨНІМДІ ДАЙЫНДАУ

Өндіріс кезеңі өнімнің ингредиенттері біздің зауыттарға түскен кезде басталып, дайын бұйым өндіріс алаңынан шыққан кезде аяқталады.

ДИСТРИБУЦИЯ

Өнім пайдаланушыларға жіберіледі және логистикалық тізбектің әртүрлі кезеңдерінде сақтауға қойылуы мүмкін. Дистрибуция сатысы зауыт қақпасынан қоймаларға, дүкендерге немесе тұтынушының үйіне дейін тасымалдауды қамтиды.

ПАЙДАЛАНУ

Пайдалану кезеңі тұтынушының өнімді қалай қолданатынын сипаттайды. Біздің теріге күтім жасау құралдарымызды қолдану CO2 шығарындыларымен байланысты емес болса да, осы кезеңдегі өнімдерімізбен жанама байланысты шығарындылар байқалады. Бұл, ең алдымен, терідегі құралды жуып кетіру үшін суды жылыту энергиясы. Бізде өнімді пайдалану кезіндегі шығарындыларды бақылау мүмкіндігі жоқ, демек, бұл кезең біздің өнімге байланысты шығарындыларды бейтараптандыру кезінде ескеріле алмайды.

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

Өмірлік циклдің соңғы кезеңі тұтынушы өнім мен қаптаманы тастаған кезде басталып, өнім қоршаған ортаға қалдық ретінде немесе басқа өнімнің өмірлік циклінің (қайта өңделген шикізат ретінде) бір бөлігіне айналған кезде аяқталады.

КЛИМАТҚА БЕЙТАРАП ДУШ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨНІМДЕР ҚАТАРЫН ҰСЫНАМЫЗ

NIVEA ұсынған жаңа душ құралдары бұрын соңды болмаған экологиялық қауіпсіздік пен ресурстарды үнемдеу принциптеріне сәйкес келеді:

  • Құрамында теріні қорғайтын майлар мен дәрумендер бар, оларда микропластик жоқ және 98% биоыдырағыш болып келеді. Пальма (пальма ядросының) майы негізіндегі ингредиенттердің 100% тұрақты көздерден алынған.
  • Сауыттар бұрынғыға қарағанда 25% жеңіл бола түсті және 97% қайта өңделген полиэтиленнен (мөлдір емес сауыттар) немесе ПЭТ пластиктен (мөлдір сауыттар) жасалған. Қаптаманың салмағының төмендеуі тасымалдау кезінде шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді. Егер қаптаманың жаңасын және сыйымдылығы 250 мл қолданыстағы бөтелкені салыстыратын болсақ, бұл әзірлемелер қаптамаға байланысты шығарындылардың жалпы 32%* азаюын қамтамасыз етеді.
  • Осы өнімдер қатарының құралдарының бәрі 2022 жылдан бері тек жаңартылатын көздерден алынатын биогазбен және электр қуатымен жұмыс істейтін Берлиндегі зауытымызда шығарылады.

*Қайта өңделген пластикті қолдану арқылы көмірқышқыл газының шығарындыларын 32% азайту. Бастапқы пластиктен жасалған алдыңғы қаптамамен салыстырғанда.

NIVEA CO2 ГАЗЫНЫҢ ТАБИҒИ СІҢІРІЛУІН ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙДЫ

2022 жылы біз климаттың қамын ойлау тарихымыздың жаңа бетін аштық, мысалы, жас көшеттер аумағын арттыру көмегімен көмірқышқыл газын табиғи жолмен сіңіруге ықпал ететін климаттық әсерді азайту жобаларын қолдауға күш салдық.

Осындай жобаларға қатыса отырып, біз тұрақты түрде өлшеп, бағалауға болатын және тәуелсіз сарапшылар растайтын қоршаған ортаны қорғау ісіне нақты үлес қосатынымызға сенімдіміз. Бұған сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастық арқылы және тек сертификатталған және тұрақты түрде Тексерілген көміртек стандарты (VCS) немесе Алтын стандарт сияқты халықаралық стандарттарға сәйкестігі тексеріліп тұратын жобаларға қолдау көрсету арқасында жете алдық.

КЛИМАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАЛАРЫМЫЗ

Уругвайдағы Гуанареде орманды қалпына келтіру

300 жылдан астам уақыт бойы Гуанаредегі жоба аумағы ірі қара мал үшін жайылым ретінде пайдаланылып келді. Өнеркәсіптік мал шаруашылығы шығыс Уругвайдың бүкіл ауыл ландшафтында із қалдырды. Жұмыс орындарының жетіспеушілігі, ауыр еңбек жағдайлары, үнемі азаятын биологиялық алуандылық. Гуанаредегі орман көшеттерін қалпына келтіру жобасы, ең алдымен, эвкалипт ағаштарын отырғызуды көздейді: 21000 гектарға және бір гектарға 1000-нан астам көшет отырғызу. Бұл мал жайылымы ретінде қызмет атқаратын шөп алқаптарына тұрақты орман алаптарын өсіруге мүмкіндік береді. Орманды мекендеу ортасын қалпына келтіру – биологиялық алуандылықты қайтарудың, ағаш дайындау өнеркәсібінің (FSC стандарты) және жалпы аймақтың тұрақты дамуының тура жолы.

Парагвайда орман алқаптарын қалпына келтіру

500 жыл бойы Парагвай өзінің шабындықтары мен шалғынды аймақтарының көп бөлігін мал шаруашылығы үшін пайдаланды. Елдің экспортқа шығаратын негізгі өнімі — жоғары сапалы сиыр еті. Ағаштарды жаппай кесу Амазонканың тропиктік ормандарында сипат алды. Бүгінгі таңда экспансивті аумақтарда, деградацияланған жайылым-шабындық алқаптарындағы аймақтарда орман алаптарын қалпына келтіру өмірлік маңызды міндет болды, оның шешімін табу Оңтүстік Американың табиғи ресурстарына қысымды төмендету мен Жер атмосферасынан зиянды көміртек шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Парагвайдың шығысында орналасқан жоба аясында 2 700 гектардан астам аумақта орман алаптары қалпына келтірілді, алдағы жылдары тағы 1 100 гектарды қалпына келтіру жоспарлануда. Одан басқа, жоба жергілікті әл-ауқаты төмен топтарға әділ еңбек шарттарын, жалақыны, жұмысшыларды оқытуды, гендерлік теңдікті нығайту мүмкіндіктерін және жақсартылған инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы көмектеседі.

Вичада – Колумбия

Жобаның Штаб-пәтері Ориноко өзенінің бассейнінде орналасқан, ол шынымен керемет биологиялық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда орман ағаштарының кесілуіне байланысты жойылып кету алдында тұрған екі экожүйе бар. Пуэрто-Карреньодағы жоба өз аумағының көп бөлігінің деградациялануына әкелген экстенсивті мал шаруашылығына коммерциялық тіршілікке икемді балама жасауға бағытталған. Аймақта орман ауданының ұлғаюы табиғи жолмен көміртекті ұстап қалуға және сіңіруге, сондай-ақ ағаш өндірісінің тұрақты көзін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жергілікті мамандардың басшылығымен 200-ге жуық жергілікті жұмысшы мұқият таңдалған байырғы ағаш түрлерін отырғызады, өскіндерге күтім жасайды және 3000 гектар аймаққа көшеттер өсіреді. Жоба жерді пайдалану тәсілін өзгертеді, оны көміртекті дұрыс сіңіру мен сақтау аймағына айналдырды.
Көмірқышқыл газын ұстап, сақтау технологиясымен қатар климаттың өзгеруімен күресудің аса тиімді әдістерінің бірі ағаш отырғызу болып табылады. Алайда, климатқа әсер етуді азайтатын жобалар әлдеқайда алға кеткен: олар жұмыс орындарын ашады, халықтың ең осал топтарының өмір сүру сапасын жақсартады және биологиялық алуандылықты қалпына келтіреді. Біздің қазіргі орман көшеттерін қалпына келтіру жобаларымыздың үшеуі Оңтүстік Америкада.

2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ КЛИМАТТЫҚ БЕЙТАРАП ӨНДІРІС

Біздің планетамыз бен оның тұрғындарын қорғауға деген ұмтылысымыз NIVEA теріге күтім жасайтын өнімдерді өндіру үшін қолданатын әдістерге де әсер етеді. 2019 жылдың соңынан бері біздің барлық зауыттарымыз тек жаңартылатын көздерден алынатын электр қуатымен жұмыс істейді. Бұл энергияны тұтынуға байланысты CO2 шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Алайда, біз көміртек ізін одан әрі азайтамыз деп үміттенеміз, себебі бұл бізге өндірісімізді 2030 жылға қарай климаттық әсерді мүлдем бейтарап етуге мүмкіндік береді.

БІР ТЕРІ. БІР ПЛАНЕТА. БІР ҚАМҚОРЛЫҚ.

Біздің мақсатымыз — абсолюттік айқындық. Біз NIVEA-ның әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігіне қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамыз. Егер веб-сайтымызда Сізді қызықтыратын сұрақтардың бәріне жауап таба алмасаңыз немесе Сізге толық ақпарат қажет болса, NIVEA — Beiersdorf бас компаниясының тұрақты даму веб-сайтына келіңіз.