UV-СӘУЛЕ ТЕРІГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Ультракүлгін сәулені көру немесе сезіну мүмкін емес. Ол аз мөлшерде денсаулыққа пайдалы. Мысалы, D дәруменін шығаруға көмектеседі, иммунитетті нығайтады. Бірақ егер UV-сәулелену мөлшерінен асып кетсе, бұл тітіркенуден бастап терінің қатерлі ісігіне дейін қиындықтарға әкелуі мүмкін.

ТАНЫС БОЛ, КҮН СӘУЛЕЛЕРІ

Біз көп жағдайда SPF бар кремдердің қаптамасында «UVА және UVB-сәулелерінен қорғайды» деген жазуды көреміз.

///

КҮННЕН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰРАЛ ДЕГЕН НЕ?

Бұл теріні тікелей ультракүлгін сәулелерден қорғайтын майлар, кремдер, лосьондар мен спрейлер. Олар айна сияқты жұмыс істейді – күн сәулелерін шағылыстырып, теріні теріс әсерінен қорғайды.

SPF ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Әрбір күннен қорғайтын құралдың құрамында сәулелердің барлық түрінен қорғайтын сүзгілер бар. Сүзгілер физикалық және химиялық болады. Физикалық сүзгілер қорғаныш экраны қызметін атқарып, тері үстінен күн сәулесін шағылыстырады, ал химиялық сүзгілер оны сіңіріп алады. Біз бұл сүзгілерді біріктіріп, теріңізді жақсырақ қорғау үшін NIVEA Sun топтамасын жасаймыз.

SPF бар құралдар D дәруменінің өндірілуін тежейді деген аңыз бар. Бірақ бұл олай емес. Егер күннің көзінде SPF бар кремімен жүрсеңіз, D дәрумені синтезделеді, бірақ бұл ретте крем теріні пигменттік дақтардан, әжім мен меланоманың даму қатерінен қорғайды.

ҚАНДАЙ ҚОРҒАНЫШ ДӘРЕЖЕЛЕРІ БОЛАДЫ?

SPF факторы (Sun Protection Factor) терінің қанша процент қорғалғанын көрсетеді. Мысалы, SPF 10 белгісі – құрал күн сәулесінің кем дегенде 90% бұғаттайтынын білдіреді. SPF 15 – сәуленің 93% дейін, SPF 30 – 97%, SPF 50 – 98%, SPF 100 күн сәулесінің 99% дейін сүзеді.

Егер UV-индекс үштен көп болса, SPF жақ: оны мобилді қолданбадан немесе ауа райы болжамы бар сайттан тексеруге болады.

SPF-ТІ ДҰРЫС ҚОЛДАНУДЫҢ БЕС КЕҢЕСІ