Теріге деген қамқорлық және ғаламшарға деген махаббат

Теріге деген қамқорлық қоршаған әлемге деген қамқорлықты да білдіреді. Себебі ғаламшарға әсер ететін кез келген нәрсе бізге, біздің денсаулығымызға және терінің жағдайына да әсер етеді. Терінің табиғи балансын сақтауға көңіл бөле отырып, NIVEA қоршаған орта балансын да назарсыз қалдырмайды. Сондықтан біз өндірістің әр сатысын экологиялық таза етуге ұмтыламыз.
onlooking-woman-wind-turbine-solar-panel
hand-holding-leaf

Өнім қаптамасын жасап шығару философиясы: «Тұтынуды азайту, қайта қолдану, қайта өңдеу». Біз энергияны, шикізатты үнемдеу және қалдықтарды азайту үшін өнімдерді шығару және қаптау әдістерімізді жетілдіруді тоқтатпаймыз.

Біз NIVEA косметикасын жасауға қатысатындардың барлығы келесідей бренд құндылықтарын сақтауын жіті қадағалаймыз: өзімізге, айналамыздағыларға және табиғатқа құрмет пен қамқорлық көрсету.

Бізге қосылыңыз да, NIVEA әлеммен қаншалықты құнтты қарым-қатынас жасауға және теріміз бен айналамыздағының барлығын қорғайтын өнімдер жасап шығаруға ұмтылатынын біліңіз.


Қайта өңдеу

shredded-leaves-seeds-close-up

Шикізатты жауапкершілікпен пайдалану

NIVEA жеткізушілерінің басым бөлігі кодексімізде баяндалған әлеуметтік және экологиялық талаптарды орындайды және біз оларға ең жоғары стандарттарға сәйкес келуге белсенді түрде көмектесеміз.

Біз ғаламшарымыздағы биологиялық алуандық пен климатты қорғау үшін ормандардың жойылуына қарсы күресеміз. Ормандарды шабу — климатты өзгертетін негізгі факторлардың бірі. Ормансыз көптеген тіршілік иелері өмір сүру ортасынан, ал ғаламшар өзінің «өкпесінен» айырылады. Ормандарды шабуға қарсы күрес бағдарламасының аясында біз Ормандарды қорғау кеңесі (FSC) сертификаттаған қағазды пайдаланамыз және 2020 жылға қарай тек FSC сертификаттаған немесе қайта өңделген қағазды қолдануды жоспарлап отырмыз.

Біз осы идеяларды белсенді түрде алға бастырамыз, себебі NIVEA күтім өнімдерінің ғаламшарға да, терімізге де зиянсыз болғанын қалаймыз.

NIVEA-responsible-sourcing-GIF

Пальма майы: экологияға зиян келтірмей пайдалану

Пальма майына қатысты негізгі проблема келесідей: май беретін пальма плантацияларын отырғызуға орын босату үшін тропикалық ормандардың көп бөлігі жойылады. Косметикалық өнімдердің 70 %-ға жуығы пальма майынан алынған ингредиенттерден тұрады. Олар NIVEA брендінің кейбір өнімдерінде де кездеседі.

NIVEA мынаған кәміл сенімді: пальма майын ормандарды шаппай-ақ алуға болады және алу қажет. Пальма майын басқа өсімдік майына алмастыру ең жақсы шешім емес, себебі май беретін пальмалар көп көлемде жеміс береді. Балама нұсқаларды экологиялық таза деп айтуға болмайды, өйткені өзге азырақ өнім беретін ағаштарды отырғызу үшін үлкен көлемде жер телімі қажет.

Керісінше біз серіктестерімізбен бірге пальма майын экологиялық таза әдіспен өндіруге көшу идеясын қолдаймыз. Beiersdorf компаниясы Экологиялық таза пальма майын сертификаттау жөніндегі дөңгелек үстелге (RSPO) және Пальма майын экологиялық таза әдіспен өндіру форумына (FONAP) қосылды.

Біздің 2020 жылға қойған мақсатымыз — Beiersdorf компаниясы үшін сатып алынатын пальма майы негізіндегі барлық шикізаттың экологиялық таза көздерден алынуы. 2018 жылға дейін біз пальма шикізатына деген қажеттіліктеріміздің 63 %-ын RSPO Mass Balance стандарты бойынша сертификатталған экологиялық таза өніммен қамтып үлгердік. Бұл қажеттіліктерді жоспар бойынша толық қамтымайынша, біз қажетті шикізаттың қалған бөлігін RSPO Book and Claim сертификаттары берілген өнімдермен қамтитын боламыз.

RSPO-NIVEA-certification
honeycomb-close-up-honeybee

Шикізатты жауапкершілікпен пайдалану

Біз терінің қалыпты функцияларын сақтап тұру үшін табиғи және табиғи көздерден алынған ингредиенттерді таңдаймыз. Олардың басты артықшылықтарының бірі — қалпына келу қабілеті. NIVEA өнімдері үшін қолданылатын көптеген шикізат көздері қалпына келеді. Мысалы, ерінге арналған бальзамдарда пайдаланылатын рапс майын не күнбағыс балауызын жеткізушілеріміз жыл сайын қайта гүлдейтін егістіктерден жинайды. Біз табиғи ингредиенттер мен табиғи көздерден алынатын ингредиенттердің экологиялық таза көздерден алынуын қадағалаймыз және бұны табиғи ресурстарды сақтап қалу үшін жасаймыз.
nivea-synthetic-out-natural-in

Табиғи ингредиенттер мен табиғи көздерден алынатын ингредиенттер арасында қандай айырмашылық бар?

Табиғи ингредиенттер, мысалы, эфир майлары тікелей табиғи шикізаттан физикалық процестер (дистилляция — сұйықтықты айдау не буландыру, кейін салқындату және буларды конденсациялау, т. б.) немесе басқа процедуралар, соның ішінде алдын ала химиялық модификациясыз дәстүрлі экстракция әдісі арқылы алынады.

Ал табиғи көздерден алынатын ингредиенттерге келер болсақ, оларға арналған шикізат, мысалы, кокос майы өнімнің құрамына түспес бұрын кейінгі өңдеуге ұшырайды. Олар белгілі химиялық және/немесе биологиялық процестердің көмегімен алынған.

open-coconut-cream-tips-close-up

Игі істер жасауға жақсы себеп

Біз теріге күтім жасау өнімдеріне арналған ең жақсы формулаларды әзірлеу үшін көп күш саламыз. Біз NIVEA күтім косметикасы үшін тек терінің табиғи балансын сақтап тұратын қауіпсіз компоненттерді таңдаймыз, сондай-ақ экологиялық көздерден алынған ингредиенттерді барынша көп қолдануға ұмтыламыз.

Біздің қоршаған ортаны қорғауға ұмтылысымыз әлбетте теріге күтім жасау өнімдерін жасап шығару процесіне де қолданылады. Біз алға нақты мақсаттар мен міндеттер қоямыз, олар: CO2 шығарылуын азайту, энергия үнемдеу және өндіріске қатысатындардың барлығына жақсы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.

hands-through-field-water-droplets-on-skin
nivea-sustainability-value-chain
NIVEA күтім косметикасын жасау — бұл командалық жұмыс және біз әр қатысушы үшін жауапкершілікті сезінеміз. Қағидалар кодексі жеткізушілер мен қосалқы мердігерлер үшін жоғары стандарттарды, яғни өзіміз де ұстанатын стандарттарды белгілейді. NIVEA адам құқығын қорғауға, өз қызметі мен жеткізу тізбегі аясында мәжбүрлі және бала еңбегін, жемқорлықты немесе кемсітушілікті болдырмауға ұмтылады. Біз тек талап қойып қана қоймай, жеткізушілерімізге экологиялық таза ресурстар мен көздерді табуға көмектесеміз. Қоршаған ортаны қорғауда өзгелерге көмектесу — біз үшін ұжым болып айналамызға жағымды әсер етудің керемет мүмкіндігі.
smiling-man

Қаптама

paper-cup-recycling-sign

Қаптаманың экологиялық таза болуы — NIVEA философиясының бір бөлігі

Біз тұтынушының көзіне бірінші болып түсетін NIVEA фирмалық қаптамасынан бастап өнімдеріміздің барлық құрамдас бөліктері барынша экологиялық таза болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Қазіргі таңда біз 2009 жылдан бері жасауға ұмтылған қаптамаға қол жеткіздік: ол брендтің косметикалық өнімдерінің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, 100 % қайта өңделеді, сол арқылы қоршаған ортаға әсерін төмендетеді.
person-applying-cream-on-hand

Аз, демек жақсырақ

Қаптамаларымызды өндіру үшін материалдарды аз қолдануымыз құнды ресурстарды үнемдейді. Мысалы, біз 2016 жылы қолға арналған крем ыдыстарына жеңіл қақпақтар қойып, бірінші жылдың өзінде 50 тонна полипропилен үнемдедік.

Қаптаманы қайта өңдеу

Өз жұмысымызда біз тұйық цикл экономикасы моделіне көшуге тырысамыз, яғни қаптаманы шығару үшін екінші рет пайдаланылатын, қайта өңделген материалдарды жиі қолданамыз. Біздің мақсатымыз — 2025 жылға орай Еуропа нарығында пластик қаптама өндірісі бойынша қайта өнделген материалдар үлесін 25 %-ға жеткізу. Қазіргі таңда NIVEA косметикасының қаптамасы толықтай дерлік қайта өңделеді. Beiersdorf компаниясының жоспарларына алдағы бірнеше жылда қаптаманың экологиялық таза болу үлесін 100 %-ға жеткізу кіреді.

hand-touching-bark-tree-rings
nivea-plastic-pledge

Косметикалық өнімдер: оларды пайдаланған соң не болады

hand-in-water-woman-in-water

Мұхиттарға деген қамқорлық

Біз өнімдеріміздің қоршаған ортаға барынша аз әсер етуін қамтамасыз ету мақсатында ықтимал және бар проблемаларды дереу әрі тиімді шешу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Біз 2013 жылдың өзінде NIVEA өнімдерінде полиэтиленнен жасалған пластик пилингілік бөлшектерді пайдаланудан бас тарттық. Небәрі екі жыл өткен соң бірде-бір формуламызда микробөлшектер болған жоқ. Бірақ бұл тек бастамасы: БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасында белгіленген мерзімдерге сай (яғни 2020 жылға дейін) NIVEA жуыну құралдарында микропластиктің тіпті бөлшектері болмауы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бұл мақсатқа жету үшін біз NIVEA сусабындары мен душқа арналған гельдерінен микропластикті алып тастадық.

Микропластик<

Микропластикке қатысты жария дискуссия қатысушыларының пікірлері жиі екіге бөлінеді, яғни «микропластиктің» жалпыға бірдей анықтамасы жоқ. БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасында (UNEP) ұсынылған ғылыми негізделген түсініктемеге сүйене отырып, біз «микропластик» терминіне пластиктің қатты, суда ерімейтін, өлшемі 5 және одан кем миллиметр болатын, биологиялық ыдырамайтын бөлшектерін жатқызамыз.

sources-of-primary-microplastic
Did you know that synthetic textiles are among the main sources of microplastics in our oceans? In contrast, personal care products account for only 2 percent. Nevertheless, NIVEA and Beiersdorf recognized the need for immediate action early on. That’s why we phased out microbeads from all our formulas and keep researching new, environmentally safe alternatives.
leaf-close-up-person-applying-cream

Бұрын біз микробөлшектер деп аталатын полиэтиленнен жасалған кішігірім қатты пластик бөлшектерді дене күтіміне арналған жуыну құралдарында (пилингілер, душқа арналған гельдер, т. б.) теріні ұқыпты әрі қауіпсіз тазалау үшін қолданған болатынбыз. 2013 жылы NIVEA бұл бөлшектерді экологиялық таза баламаларға алмастыру туралы шешім қабылдады: енді екі жыл өткен соң, бренд өнімдерін жасау кезінде микробөлшектер қолданылмайды. Оларды целлюлоза, кремний диоксиді мен кастор балауызы алмастырды. Целлюлоза — өсімдік талшықтарында болатын биоыдырағыш органикалық материал. Өзінің химиялық құрамына қарай кремний диоксиді кварц құмына ұқсас, ал кастор балауызы қатты консистенциялы табиғи, биоыдырағыш шикізат болып табылады.

Келесі қадам NIVEA косметикалық өнімдерінде оларға тән ерекше қою түс беру үшін қолданылатын микропластик негізіндегі ингредиенттерді толықтай алмастыру болды. Біз барлық NIVEA жуыну құралдарының (душқа арналған гельдер мен сусабындардың) формулаларын өзгерту бойынша жобаны 2020 жылға қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз, сонымен қатар бірнеше жуыну құралына (мысалы, бетке арналған кремдерге) тегіс текстура беретін нейлон ингредиенттерді мүлдем алып тастау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырмыз.

NIVEA өнімдерінде микропластикті қолданудан мүлдем бас тарту — біздің № 1 міндетіміз