Көз айналасындағы тері күтімі: тегістегіш әрі тиімді
Егер түнде аз ұйықтасаңыз немесе сізге суық тисе, немесе соңғы кезде жиі күйзеліске түсіп жүрсеңіз, жағдайыңыздың қандай екені көзден-ақ, көзіңіздің астындағы қара дақтардан немесе көзіңіздің ісігенінен білінеді. Алғашқы әжімдер де, бәрінен бұрын, көз айналасында пайда болуы мүмкін. Біздің жағдайымыз бен жасымыз туралы көп айтатын көз болуының себебі осы тұстағы терінің өте жұқа және аса сезімтал болатындығында. Сондықтан, күтім жасауға арналған жоғары сапалы құралдың көмегімен көз айналасын күн сайын ылғалдандырып тұру қажет. NIVEA компаниясындағы тері сарапшылары көз айналасындағы тері күтіміне арналған өнімдерді осы тұста алғашқы әжімдер пайда бола бастағанда-ақ, әдетте 30 жастан асқан кезде, қолдана бастауға кеңес береді. Көз айналасындағы тері күтіміне арналған құралдарды тұрақты пайдаланғанда көз айналасындағы теріні нығайтып, көзді жасартып көрсету арқылы қартаюдың алғашқы белгілерінің пайда болуының алдын алуға болады. Оған қоса, көз жайнап тұратындай, ісігендік пен басқа да шаршағандық белгілерін азайтуға болады. Қара дақтарды көрсетпеу үшін көз айналасындағы теріге арналған күңгірттегіш микропигменттері бар кремді таңдаған дұрыс. NIVEA-ның көз айналасындағы теріге арналған барлық кремдері көз айналасындағы сезімтал тері үшін арнайы әзірленген болатын. Олар өте жұмсақ және құрамында хош иістендіргіштер мен УК-фильтрлер жоқ. Тағы бір артықшылығы — оның жайлы жағылатын жұмсақ текстурасы. Көз айналасындағы теріне арналған кремді қолданғанда оны беттің ортасынан шетіне қарай саусақ ұштарымен ақырын тықылдата отырып, жайлап жаққан дұрыс. NIVEA сарапшыларынан тағы бір кеңес: көз айналасындағы сезімтал тері үшін арнайы жасалған көзден макияжды кетіру құралын пайдаланып көріңіз.
Сарысулар: бағытталған күшті әсер
Сарысулар бет терісіне арналған күнделікті күтімді мінсіз толықтырады. Олардың құрамында күндізгі және түнгі кремдердегідей компоненттер бар, бірақ жоғары концентрация үшін олардың арақатынасы басқа. Қарқындылығы мен жергілікті әсер етуінің арқасында сарысу әжептәуір нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Басында, сарысулар енді ғана пайда бола бастағанда, олар премиум-санаттағы косметика мен фармацевтикалық косметикада ғана ұсынылған болатын. Көз айналасындағы тері күтіміне арналған құрамындағы белсенді заттардың шоғырлану деңгейі жоғары өнімдер NIVEA өнімдерінің ассортиментінде бірнеше жыл бұрын пайда болды. NIVEA-ның теріні зерттеу жөніндегі мамандары осы сарысуларды терінің текстурасын жақсартып, анағұрлым жас көрінуі үшін әзірледі. Арнайы құрамдар әжімдер пайда бола бастағанда-ақ оларға әсер етіп, терінің регенерациясын сақтайды. Сонымен қатар олардың жағымды тактильдік әсері бар, себебі өте тез сіңеді, тері тегітеліп, жібектей жұмсақ болады. Тері тазартылғаннан кейін бірден белсенді ингредиенттерді сіңіруге қабілетті болғандықтан, сарысуды күндізгі немесе түнгі кремді жақпай тұрып қолданған жөн.