ТЕРІГЕ КҮТІММЕН, ПЛАНЕТАҒА СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН

NIVEA MICELLAIR

Сыртынан да, ішінен де қамқорлығы артқан жаңартылған MicellAIR қарсы алыңыз!

Мицеллалы судың жұмсақ веган-формуласы макияжды тиімді кетіреді: магнит сияқты мицеллалар кірді тартып, теріні терең тазартады. Ал оның 96%-ке қайта өңделген пластиктен тұратын қаптамасы қоршаған ортаны аялауға кепілдік береді.

ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚАПТАМАМЕН ӘЛЕМДЕГІ ПЛАСТИК КӨЛЕМІН АЗАЙТАМЫЗ!

Жаңа пластик құтыларды өндірудің орнына біз rPET-тен жасалған қаптама өндірісіне өттік.
MicellAIR өнімдер желісінің арқасында NIVEA қайта өңделген материалдан жасалған құтысы әлемді жылына жаңа пластиктің 1115 тоннасын өндіруден құтқарды!

ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН ПЛАСТИКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚҰТЫЛАР ҚАЛАЙ ӨНДІРІЛЕДІ?

Судың әдеттегі пластик құтысын қауыздар (флекстер) алу үшін ұсақтайды.

Одан кейін жаңа шикізатқа айналатын түйіршіктерді жасайды. NIVEA компаниясы қаптама өндірісінде 96% қайта өңделген пластикті қолдануға өтуде.

MICELLAIR-ДЫ ТАҢДАУДЫҢ ҮШ СЕБЕБІ

ВЕГАН ФОРМУЛАСЫ
1 ВЕГАН ФОРМУЛАСЫ
MicellAIR құралының құрамында жануар текті ингредиенттер жоқ: тек табиғи мицеллалар бар, олар ерекше нәзік тазартуды қамтамасыз етеді.
МИКРОБИОМ ТЕҢГЕРІМІ
2 МИКРОБИОМ ТЕҢГЕРІМІ
Тері бетіндегі микробиом – табиғи сұлулықты сақтауда маңызды рөл атқаратын қосымша қорғаныштық қабат. MicellAIR құралы табиғи микробиомды бұзбастан, теріні жұмсақ әрі тиімді тазартады.
ТЕРЕҢ НӘЗІК ТАЗАРТУ
3 ТЕРЕҢ НӘЗІК ТАЗАРТУ
MicellAIR – тиімді терең тазарту, кірді және макияжды жұмсақ әрі мұқият кетіру. MicellAIR мицеллалы суымен теріңіз тыныс алады және бетінде қабат тұрғандай сезімсіз таза болады.