Өндірістің экологиялылығы


БІЗ ӨЗІМІЗГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛАМЫЗ

Біз үшін "күтім" – қызметіміздің ажыратылмас бөлігі ғана емес, біздің адамдар мен қоршаған орта алдында жауапкершілігімізді көздейтін түпкілікті құндылығымыз.

Экологиялық өндіріске деген жолымыз

NIVEA атауы сенім мен сапаның синониміне айналды, сондықтан да біз өнімдеріміздің қоршаған ортаға әсерін рет ретімен төмендету үшін үнемі жұмыс істейміз. Күтім біздің қызметіміздің іргетасы болып табылады. Осылайша, адамдар біздің бүкіл бастамаларымыздың қақ ортасында қалады.

Сапасы жоғарғы өнімдерге арналған сапасы жоғарғы құрауыштар

Біз өнімімізді дайындау үшін қолданатын кейбір құрауыштар тек қана шектелген мөлшерде қолжетімді және келешекте мүлдем жоғалуы мүмкін. Сондықтан біз шикізат материалдарын тауыспай қолдануды қолдаймыз және біздің жоғарғы стандарттарымызға сәйкес келетін баламаларды жетілдіруге үнемі көңіл бөлеміз.
Beiersdorf компаниясы пальма майының экологиялық өндірісін қолдайды

Пальма майының экологиялық өндірісіне жол

Эмульгаторлар мен беттік-белсенді заттар сияқты қажетті қоспаларды қолдануды талап ететін өнімдер үнемі болады. Бұл қоспалар, әдетте минералдық және өсімдік майларының негізінде, мысалы, кокос, рапс және тіпті пальма және пальмаядролық майлар негізінде өндіріледі.

Көп жылдан бері біз жеткізілімдер тізбегін анағұрлым ашық ету үшін – соның ішінде шикізат материалдарын олардың туындыларына түрлендіру процессіне толық ашықтық беру үшін және пальма және пальмаядролық майлардың экологиялық өндірісін қолдау үшін жеткізушілерімізбен тығыз ынтымақтастықта еңбек етіп келеміз. Біздің Экологиялық пальма майы бойынша дөңгелек үстелге (RSPO) жақтаушылық білдіретінімізге қоса, біз сол сияқты Экологиялық пальма майы бойынша жуық арада құрылған форумға (FONAP) қатысамыз және сертификаттаудың қазіргі критерийлерін әрі қарай дамытуды қолдаймыз.

Бірнеше жыл бойы біз экологиялық пальмаядролық майды қолдану жолындағы айтарлықтай прогресске жеттік. Біз экологиялылығы дәлелденген («Сертификатталған экологиялық пальмаядролық май») құрауыштарды ғана қолдануға тырысамыз және толығымен сегрегацияланған немесе тым болмағада теңгерімді пальма және пальмаядролық майға және олардың туындыларына 2020 жылға қарай ауысуды жоспарлап отырмыз. Оған дейін Beiersdorf компаниясы GreenPalm платформасының көмегімен сертификаттарды ала береді. 2014 жылы біздің шикі материалдарымыздағы пальма және пальмаядролық майлардың 100% баламалары сертификатталған болатын.


Жануарларға тәжірибе жасаудың баламалары

2004 ж. ЕО ішінде косметикалық өнімдерді жануарлар арқылы сынауға тыйым салынған, ал 2013 жылы сол сияқты осы өнімдердің өндірісінде қолданылатын құрауыштарға сынақтар жасауға тыйым салынған. Алайда Beiersdorf компаниясы осыған дейін кез келген мүкіндік болса жануарларға тәжірибе жасаудан қашқақтайтын. Біз өнімдеріміздің қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу үшін оларды міндетті түрде жануарларға сынау қажет емес екендігіне сенімдіміз.
20 жылдан астам уақыт бойы біз жануарларға жасалатын тәжірибелерге балама – in vitro тәжірибелерін жетілдірумен айналысып келеміз.

Тыйымға қарамастан, өнімге баламалы сынақтар жасауды жетілдіру және енгізу Beiersdorf компаниясы үшін үнемі маңызы зор болатын. 20 жылдан артық компания жануарларға жасалатын тәжірибелерге балама – in vitro тәжірибелерін жетілдіру бойынша сараптамалық комиссиялар мен кәсіби бірлестіктер аясында сәтті қызмет етеді. Қазіргі уақытта Beiersdorf осындай зерттеулермен айналысатын дүниежүзіндегі танымал және беделді компаниялардың бірі болып табылады.

Біз өнімге жасалатын сынақтардың қолданыстағы баламалы тәсілдері бүкіл дүниежүзі бойынша сәйкес заңнамалық және әкімшілік органдардан құптау алуы үшін белсенді шаралар қолданамыз, сонымен қатар осындай әдістерді қолдануға байланысты түрлі мәселелерді шешу мақсатында кадрлық және қаржылық қолдау көрсетеміз.


Тұрақты сапа болса, қалдық та аз

Біздің қаптау материалдарымыз 100% қайта өңдеуге жатады

Біз өнімдерімізді және олардың қаптамаларын жетілдіру үшін үздіксіз қызмет етеміз. Атап айтқанда, біз қаптаманы дайындау кезінде қолданылатын материалдар санын – пластик, шыны, металл, картон немесе қағаз болсын, барынша азайтуға тырысамыз. Және біз айтарлықтай нәтижелерге жеттік – біздің қаптау материалдарымыздың 100% жуығы қайта өңдеуге жатады. Біздің жетістігіміздегі оқиғалардың бірі денеге арналған NIVEA лосьонын дайындау болды. Оның қаптамасының жаңа дизайны бізге қорларымыздың басым бөлігін үнемдеуге мүмкіндік берді. Қаптау материалдарының санын қысқартудың басқа тиімді тәсілі – қайта толықтыру үшін пакеттер дайындау. Сұйық сабынның қайта толықтырылатын мөлшерлеуіштерін дайындау қалдық көлемін айтарлықтай азайтады. Мысалы, NIVEA душқа арналған крем-гель үшін қайта толықтырылатын пакеттерді пайдалану нәтижесінде қалдықтардың мөлшері 75% азайды.

Формулалар

Біздің формулаларымыздың 80% артығы пайдалы қазба болып табылмайтын құрауыштардан тұрады.

Ресурстарды пайдалану

Біз өндірісімізде және сатылымдарымызда суды, қуатты және сирек кездесетін шикізат материалдарын қолдануды төмендету үшін үнемі қызмет етіп келеміз.

Материалдарды қайта өңдеу

Біздің қаптама жасалатын материалдарымыз 100-пайыздық қайта өңделуге жатады.

Тасымалдау

Біздің қаптамамыздың жаңа дизайны өнімдерді жинақы тасымалдауға мүмкіндік береді. Осының арқасында біз көмірқышқыл газының тастанды көлемін жылына 585 тоннаға қысқарта аламыз.

Қаптама

Біз қаптаманың көлемін 15% азайттық – бұл біздің жылына 350 тонна пластикті үнемдей алатынымызды білдіреді.