ДЕНЕГЕ АРНАЛҒАН ҮШ ЖАҢА ӨНІМ,
ТЕРІҢЕ ҰНАЙТЫНЫ СӨЗСІЗ

Күнделікті бьюти-күтімің қанша қадамнан тұратыны маңызды емес: әр бойжеткеннің денеге арналған кремі бар. Жақында NIVEA ұсынған жаңа сүйікті өніміңді табатын сияқтысың.

 

Үш жаңа өнімнің қайсысымен сенде мэтч болатынын білсек болды.

ҚАРҚЫНДЫ ЫЛҒАЛДАНДЫРҒЫШ КРЕМ, НЕМЕСЕ ТЕКСТУРАСЫ ҚАУЫРСЫНДАЙ СУПЕРҚАҺАРМАН

Бұл крем қалыпты және құрғақ тері үшін арнайы жасалған. Оның өте жеңіл текстурасы тез сіңеді.

Құрамындағы теңіз минералдары терінің қорғаныш қабатын қалпына келтіріп, оны ылғалдандырып, тегістейді.

НӘРЛЕНДІРГІШ КРЕМ, НЕМЕСЕ МІНСІЗ ТЕГІСТІК ЧЕМПИОНЫ

Нәрлендіргіш крем құрғақ теріге жарайды: қалпына келтіреді және ылғалдандырады. Кремнің құрамындағы ши майы қабыршақтану мен құрғақтықты азайтады, құрғаған теріні тегістейді. Оған қоса, ши майы бар кремдер ұсақ тесіктерді бітемейді.

ЭКСТРА-НӘРЛЕНДІРГІШ КРЕМ, НЕМЕСЕ ТЕРІНІ ТЕГІСТЕУДЕГІ ГУРУ

Бұл крем қатты құрғақ теріге де жарайды. Бадам майы нәрлендіріп, тегістейді. Е дәрумені жасушалардың алмасуын жылдамдатады және жараны жазады, қабыршақтану мен тітіркенуді басады.